Тараз қаласы, №42 орта мектебі » СШ №42
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№42 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(726) 31-53-83
Есепші бөлімі:
+7(726) 31-53-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тараз қаласы, №42 орта мектебі
15
қараша
2017

Тараз қаласы, №42 орта мектебі

«№42 орта мектебі» коммуналдық - мемлекеттік мекемесі - бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, тәрбиеленушілерге білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.Мектеп  1983 жылы ашылды. Биылғы оқу жылында №42 орта мектеп ұжымында 140 ұстаз еңбек етеді.                                                                   

Мектептің тақырыбы:

«Оқу үрдісін жеке тұлғаға бағыттау- білім сапасының негізі»

Мектептің негізгі міндеттері:

   1) құзыретті жеке тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдайлар жасау;

   2) білім алушылардың тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген базистік ғылым негіздерін алуын қамтамасыз ету;

 3)жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бітімі мүмкiндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;

  4) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттiк рәміздерді және мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қадірлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу;

5)белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне араласу қажеттілігін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

 6) отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу. Мектеп үздіксіз білім беру жүйесінің негізгі буыны болып табылады және Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының шегінде тегін орта білім алуға мемлекеттік кепілдендірілген құқық және мүмкіндік ұсынады.

    Мектептегі инновациялық жұмысқа ерекше леп әкелген деңгейлік курста білімін жетілдірген мұғалімдерден топ құралған.

2016-2017 оқу жылына  арналған мектептің даму жоспарының өзектілігі: Еліміздің алдағы ұзақ мерзімді дамуындағы басым мақсаттардың бірі-білім мен ғылымды дамыту болмақ. Мемлекет басшысы  алға  қойып отырған басты  талаптардың  бірі- өркениеттің  шалқар көшінде  бәсекелестікке қол жеткізу  үшін, білім мен  ғылымды  жаңа өрістерге шығарып, интеллектуалдық  серпіліс жасау.

Білім мен ғылым саласында бәсекелестікті және әлеуметтік-экономикалық өсімді қамтамасыз ететін мемлекеттік  саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру ұстаздар алдында тұрған басты міндет.

 

            Мектептің    материалдық – техникалық жабдықталуы

1.Пән кабинеттері -42 (лаборатория каб.қосқанда)

Оның ішінде:

Интерактивті тақтамен жабдықталған -5

 ( инф.,физика,химия,биология,ағылшын)      

Лингафон кабинеті -1 /орыс тілі/

 Компьютер класы--3

Ұлдар шеберханасы -1

Қыздар шеберханасы -1

2. Кітапхана қоры               35793 дана

3. Көркем әдебиеттері      14677 дана

4.Оқулық                             21116

5.Ғылыми әдістемелік әдебиеттер   718

      Мектеп балансында барлығы 85 компьютер бар. Оның ішінде 6-ы интер.активті  тақта.Мектепке 2013 жылы -26 компьютер

                           2014 жылы- 30 компьютер

                           2015 жылы- 13 компьютер берілді.

                          2016 жылы жаңа кітап берілген жоқ.

 

 Кітапхананың кітап қоры                                                                                                                                                                                       

1.  Кітапхана қоры – 2016жылы  1 қаңтарында   33085 болса,   қазіргі кезде 35793 данаға өскен.

     2. Негізгі қор –2016 жылы 1 қаңтарында 14811 дана болса, 134 дана методикалық құрал циклофандированияға сәйкес есептен шығарылып, 14677 дананы құрап тұр.

3. Оқулықтар қоры – 2015-2016 оқу жылына 18459 дана болса, оның 4462 данасы  циклофандированияға сәйкес есептен шығарылып, 2016 жылы 7119 дана оқулық алынып барлығы 21116 дана болды.

4. Электронды оқулықтар – 155 дана.

Похожие публикации:

10 желтоқсан 2018 "Менің сынып жетекшім"
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив