13
қараша
2025
ЖҰМЫСШЫ ТОП №42 ОРТА МЕКТЕПТЕ
2025 жылдың 11 қарашасында №5 жұмысшы тобы №42 орта мектебінде жоспарланған кездесу өткізді.Негізгі мақсат– білім беру саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарға шолу жасап, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын талқылау болды.
Күн тәртібі бойынша іс-шара төмендегідей ұйымдастырылды:
1. Модератор: Тараз қаласы білім бөлімінің басшысы Алтынбаева Айгерім Аханқызы. Жұмысшы топтың мақсатын таныстырып, білім саласында атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша шолу жасады.
2. Құқықтық аспект: Тараз қаласы ПБ ҚҚБ ЮПБ УПИ полиция майоры Таңатаров Айбол Азимханұлы «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында құқықтық жауапкершілік мәселелерін түсіндірді.
3. Психологиялық аспект: «Жаншуақ» медикал групп орталығының психологы Сагилаева Жанна Тумарбековна «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы буллинг» тақырыбында психологиялық қолдау және балалар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын ұсынды. Кездесу барысында оқушылар сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Сонымен қатар, Алтынбаева Айгерім Аханқызы мектеп жұмысымен танысып, білім беру процесіндегі жағдайды бағалады.
Кездесу балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауды күшейтуге, мектеп пен құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды іс-шара болды.