02
сәуір
2025
"Smart bala" жобасы
«Қызықты ғылым айнасы » атты 5– сыныптар арасында экология пәнінен өткізілетін танымдық сайысы өтті. Мақсаты: Білім алушылардың экологиялық білім деңгейлерін, ой – өрісін байқау әрі кеңейту, қызығушылықтарын ояту, көшбасшылыққа ұмтылдыру. Ғылымның біздің өмірімізге қосатын үлесі өте үлкен. Ол білімімізді тереңдетіп, жаңа мүмкіндіктер ашады. Ғылым айнасы арқылы біз әлемді түсінуге, жаңа ашылулар мен жаңалықтар арқылы табиғаттың, әлемнің құпияларын ашуға тырысамыз. Әрбір жаңа ғылыми жаңалық — адамның ақыл-ойы мен талпынысының, шыдамдылығы мен еңбекқорлығының жемісі. Сол себепті ғылымның барлық саласына қызығушылық танытып, өзімізді дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашуымыз қажет.Білім алушылар «Қызықты ғылым айнасы» тақырыбы бойынша қорытынды ойларын айтады.
Қорыта айтқанда, «Қызықты ғылым айнасы» тақырыбы бізге ғылымның әр саласының адамзаттың дамуына қосқан үлесін түсінуге, оның құндылығын бағалауға, және ғылым мен білімді өмірде қолданудың маңыздылығын тереңірек ойлауға мүмкіндік береді. Ғылым әлемі бізге ашық аспан сияқты кең, әрі қызықты