Телтаев Нұрбек Төлеубекұлы

Телтаев Нұрбек Төлеубекұлы 1969 жылы 13тамызда Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Үтіртөбе ауылында туылған.
Талдықорған мемлекеттік педагогикалық университетінің инженерлі-техникалық факультетін 1990-1995 жылдары бітірген. Мамандығы еңбек, физика және информатика пәнінің оқытушысы.
Еңбек жолын 1995 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетінің Қаратау филиалында оқытушы болып бастаған.
1998-2002 жылдар аралығында Тараз мемлекеттік университетінің оқытушысы;
2002-2004 жылдар аралығында облыстық білім басқармасы әдістемелік кабинетінің әдіскері;
2004-2007 жылдар аралығында Тараз қаласы Теміржол көлік колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;
2007-2010 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыру және кадрлар бөлімінің бас маманы;
2010 жылы Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының №16 кәсіптік лицей директоры;
2011жылы қазан айынан бастап Байзақ ауданы, «Қарасу» орта мектебінің директоры;
2013 жылы Н.Гоголь атындағы орта мектебінің директоры.
2023 жылы қыркүйек айыннан бастап Тараз қаласы №42 орта мектеп директоры қызметін атқарады.
Марапаттары:
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Құрмет Грамотасы 2020 жыл.
«Білім және Ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен 2023 жылы марапталған.