10
желтоқсан
2024
«Интерьерді безендіру» тақырыбында шебер-сынып
Білім бөлімі жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылы 6 желтоқсан күні «Жетістік алгоритмі» шеберханасы аясында №42 орта мектеп көркем еңбек пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Бегманова Дильбара Нуртаевна «Интерьерді безендіру» тақырыбында шебер-сыныбын, Тараз қаласы , Демьян Бедный көшесі 92, №18 орта мектебінде өтті. Семинар барысына 30 ұстаз және қалалық білім бөлімінің әдіскері Дүйсенбаев Нұрсұлтан Уалиханұлы қатысты. Шебер сыныбында қазақи нақышта, сүйектен жасалған бұйымдар көрсетілді, жасау жолдары және сүйекті өңдеу техглогиясы таныстырылды. Ауқымды тақырып болғандықтан шебер – сыныбын күнделікті қолданыста бар, пакеттен түрлі бұйымдар жасалынды. Қалалық семинар жұмысын , қалалық білім бөлімінің әдіскері Дүйсенбаев Нұрсұлтан Уалиханұлы және қатысушы ұстаздар өте жоғары деңгейде бағалады, педагогтің жұмысы облыс көлеміне таратылуға ұсынылды.