25
ақпан
2019
Әдістемелік іс-шаралар. Коучинг
Мектебімізде 15.02. 19ж. -25.02.2019 жыл аралығында І, ІІ, ІІІ деңгейлік курстан өткен ұстаздар арасында «Озық педагогикалық технологиялардың қолданылуы» тақырыбында онкүндік өтті.
Мақсаты:
- Оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында мектеп тәжірибесіне енгізуді жоспарлау.
- Сабақты зерттеу барысында оқытуды жақсартудың тиімді тәсілдерін дамыту барысымен таныстыру.
Қазіргі уақытта мектебімізде деңгейлік курстан өткен 13 ұстаз бар. Деңгейлік курсынан өткен педагогтар өз бірлестіктерінде оқыту, таныстыру семинар-практикумын өткізді.
- Танкина Марияш Базарбаевна қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінде «Зерттеу сабағы зерттеу әдісі мазмұны, жұмыс жүйесін анықтау»
- Джакашева Гүлнұр Сапаралиевна ағылшын бірлестіктері арасында «С какой целью следует использовать подход lesson study» ;
- Бұхарбекова Үміт биология пәні мұғалімдері арасында «Топтық оқыту арқылы сыни ойлауға үйрету» ;
- Орумбаева Айгүл «Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастықта оқыту» ;
- Иманалиева Гүльмира география мен химия бірлестіктері арасында «Зерттелетін оқушылардың оқуын қадағалау» ;
- Байтасова Гүлбану математика , физика, информатика бірлестігі арасында «Зерттелетін оқушылардың» оқуын бағалау арқылы нәтижесін салыстыру» ;
- Қосыбаев Мүсірәлі тарих пәні және өнер бірлестігі арасында «Зерттеу сабағы зерттеу әдісін анықтау» ;
- Әуелжуманова Гүлзат тарих және өзін-өзі тану бірлестігі аясында «Тиімді оқыту мен тиімді оқу»
- Ахилбекова Айнұр бастауыш сыныптары арасында «Жүргізілген сабақ бойынша оқыту әдістемесін дамыту, қайта қарастыру және жаңарту»
- Дягилева Наталья Александровна орыс тілі мен әдебиеті бірлестіктері арасында «Реализация lesson study» тақырыбында оқыту семинар-практикумын өткізді.
Мектепішілік семинар-практикум жоспарға сәйкес өз деңгейінде өтті. Бірлестіктер арасында мұғалімдер тарапынан қолдауға ие болса, келешекте де осындай оқыту семинар-практикумын өткізуді ұсынды. Әрине біздің жұмысымыз міндетті түрде жалғасын табады және әр пән мұғалімі тиімді әдіс-тәсілдерін өз практикаларында қолданысқа енгізеді деп сенім білдіреміз.