01
ноябрь
2024
Родителям
№42 орта мектебінде 2024 жылдың 26 сентябрь күні қазіргі қоғамды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі - балаларымыздың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігін талқылау бойынша мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Балалар мен жасөспірімдерді басқара алатын және оларды психикалық және физикалық қауіп-қатерге душар ететін қауіпті онлайн ойындар мен топтардың санының артуы туралы әрбір ата-ана өз балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды әлеуметтік медиа мен интернеттің зиянды әсерінен қорғауы жөнінде мектеп директоры Нұрбек Төлеубекұлы Телтаев, Тараз қаласы прокуратурасының аға прокуроры Касымбеков Бауыржан Аманбалаевич, Тараз қаласы полиция бөлімінің полиция майоры Айбол Азимханұлы Таңатаров пен Сабит Тимурұлы Журмухамедов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Садуакасова Салтанат Есенгалиевна мен Асан Бақыткүл Асанқызы дәріс оқып, бейнероликтер көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.