"БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ"
«БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ» проект аясында балалар әдебиетінің жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жыл толуына орай 2"Д" сынып оқушылар "Он алты жасар чемпион" шығармасына сахналық қойылым қойды. Бұл шараның мақсаты: балалардың кітапқа деген ынтасын ашу, Б. Соқпақбаевтың өмір мен қызметі, оның шығармаларының ерекшелігімен таныстыру. Б.Соқпақбаевтың шығармаларында ауыл өмірі, ауыл балаларының мінез - құлық, арман мақсаты шынайы да көркем бейнеленген. #Біртұтас_тәрбие #Балалар_кітапханасы