Мектептегі мемлекеттік қорытынды аттестация » СШ №42
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№42 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(726) 31-53-83
Есепші бөлімі:
+7(726) 31-53-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектептегі мемлекеттік қорытынды аттестация
04
желтоқсан
2018

Мектептегі мемлекеттік қорытынды аттестация

11 сынып оқушыларының мемлекеттік қорытынды аттестацияға дайындық жүргізу мақсатында 2018жылдың 1қарашасынан 30 қарашасына дейінгі аралықта  мектепте   мемлекеттік аттестацияға дайындық жұмыстарын саралау өткізілді. 
Саралау алдын ала  жасалған  жоспар бойынша жүргізілді.  Жоспар бойынша 11 сыныптың  сабаққа қатысуы,сабақ оқуы бақыланды. 
Пән бойынша сабақтарды  мектептің тәжірибелі педагогтары өткізеді: математика мұғалімдері Н.П.Жүсіпова,Н.И.Кругова, дүние жүзі тарихы, Қазақстан тарихы  мұғалімдері С.Оразымбетова, С.О.Қосақова,қазақ, орыс тілі мұғалімдері  Г.Ә.Түймебекова,Н.А.Дягилева  биология мұғалімдері Ү.Т.Бұхарбекова,А.У.Құдайбергенова., химия мұғалімі Е.А.Ағайдаров, география мұғалімдері Г.И.Иманалиева,С.В.Бугаева, физика мұғалімдері М.Сарсембаева және Д.Омарова ,ағылшын тілі мұғалімі С.Орынбекова, М.Кадримбетова.
Жалпы мектепте      11 сыныпқа сабақ беретін мұғалімдер оқушылармен   мемлекеттік аттестацияға дайындық жұмыстарын жүргізіп отыр.Әр мұғалім өз пәндері бойынша тақырыптық тесттер алады.
Қазақ, орыс тілі пәндері бойынша эссе құрылымын түсініп , әр түрлі эссе тақырыптарының нұсқаларын талқылайды. Қазақ тілі,орыс тілі бойынша тақырыптар   беріліп ,оқушылар эссе жазады.
 Сабақ барысында түлектер математика пәнінен қысқа және толық жауапты есептерді шығарады, математика  бойынша тесттермен жұмыс жасайды.  Сабақта тапсырмаларды  қалыптастыру жұмыстары  жүргізіледі. 
Сонымен қатар, Қазақстан тарихы бойынша  дайындық өткізіледі. Өткізілген сабақтардан оқушылар мемлекеттік қорытынды аттестацияға дайындық жүргізудегі тәжірибелік дағдыларын шыңдайды. Оқушылардың дайындық деңгейлерін анықтау үшін алдын ала тестілеу жүргізіледі.  
Осы айда әкімшілік 11 сынып сабақтарына  қатысты.Дегенмен сабақтар әр түрлі деңгейде өтті.Мұғалімдер сабаққа жүйелі дайындалып өткізгенмен,оқушылардың сабаққа дайындалып келуі орта .Сабақта оқушылардың барлығы бірдей сөйлеуге талпынбайды.Өздерінің білімін көрсетуге ниеттенбейді.
Сонымен қатар, 11б сыныбында екі ашық сабақ берілді. Тақырыбы: «Общество как система взаимодействия» ашық сабақты өткізген  тарих пәнінің мұғалімі С.О.Косакова.Сабақ жақсы дәрежеде өтті,әр түрлі ұсыныстар айтылды.
Екінші сабақ физика пәнінен өтті .Физика пәнінің мұғалімі Д.Омарова өзі жас болса да «Дисперсия света» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабаққа оқушылар белсенділікпен қатысты. Өз ойларын ашық жеткізіп,сабаққа дайын екендерін көрсетті.
Тәжірибелі ұстаздар білім сапасын көтерудің жолдарымен бөлісті.
Оқушылар мемлекеттік аттестацияға дайындалуда өздерінің алдына мақсат қоюлары керек.
1.Сенім. Бұл сынақтан еш кедергісіз өтетініне сену. Білек сыбана кірісіп кете алатынына нық сенімі болуы керек. «Қолымнан түк келмейді», «орындайтын тапсырма көп», «есептер күрделі» деген сылтаулардың астына батып қалса,  бұл нәрседен сенім ғана шығара алады. 
2.Уақыт. Мемлекеттік аттестацияға дайындық орын талғамайды. Үйде, сыныпта, сыныптасыңыздың үйінде отырып-ақ дайындала беріңіз. Бастысы, «қаруларыңыз» жаныңыздан табылсын. Әр пәнге белгілі бір уақыт арнаңыз. Егер қазақ тілден жақсы көрсеткішке ие болып, математикадан ақсап жүрсе, екінші пәнге көп уақыт бөлгендері дұрыс.
3. Күн тәртібі. Белгілі бір тәртіппен жүрген оқушы уақытын үнемді пайдалана алады. Жеке тәжірибелердің көпшілігінде оқушы сағат түнгі 12-де ұйықтап, таңғы 6-да оянады. Тамақтанып, оңайдан күрделіге қарай жүйесімен дайындықты бастағандары дұрыс. Мектепке дайындалғанға дейін біраз мағлұмат жинап алады. Сол жігерімен мектепке барып, сабақ үстінде «жұмысын» жалғастырады. Сабақтан кейінгі дайындықтарды смартфонға телміріп емес,  уақытын алтынға теңеп дайындықты жүргізген дұрыс. 
4.Техника. Барлық техникалық, электрондық құрылғыдан алшақ болған дұрыс. Олардан тарайтын сәулелер сізге көрінбесе де, кері әсерін тигізеді. Бұл – бір. Екіншіден, уақытыңызды жоғалтасыз. Қолдану уақытын белгілеп алған дұрыс.
Осы берілген ұсыныстарды басшылыққа алып ,дайындық жұмыстарын жалғастырса нәтиже шығады деп ойлаймын.
Ұсыныстар:
1.Мемлекеттік аттестацияға дайындық жұмыстарын жалғастыру.
2.Мемлекеттік аттестацияға дайындық бойынша қосымша сабақтарды өткізуді жалғастыру.
3.Әр пән бойынша тақырыптық тесттер алуды жалғастыру.
                                                                                                              Б.Кучибекова
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив